Семинар – тренинг “Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу”
3-4 курс студенттеріне арналған “Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу” атты семинар өтті.
АДАЛДЫҚ САҒАТЫ
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет! Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді.
Бір қорқыныштысы - сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.
“Елбасы - Ел тірегі” атты байқауының жеңімпаздары
1- Желтоқсан тұңғыш президент күніне орай Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Елбасы - Ел тірегі” атты шығарма жазу байқауында, “Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану ғылымдар” факультетінің 4-курс студенті Қаржаубай Ерасыл жүлделі 2-орын иеленсе, "Спорт және өнер" факультетінің студенті Зейілбек Нұрбек 3-орынға ие болды.
Жүлделі орын алған студенттерімізді елбасымыздың сыныптасы Роза Мәтеқызы марапаттады. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!
Сырдария университеті және Тәуелсіздіктің жемісі
Оқу орнында цифрлық дәуірде ұлттық даму тақырыбында форум өтті
Елбасы сыныптастары
1 желтоқсан - Тұңғыш президент күніне орай “Елбасы сыныптастары” қоғамдық ұйымының жетекшісі Төлемысова Роза Мәтеқызымен "Сырдария" университетінің Жастармен жұмыс атқару бөлімінің және Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Кездесу барысында елбасымыз жайлы арнайы түсірілген деректі фильм көрсетілімі болып, Роза Мәтеқызы жастардың сұрақтарына өмірлік азық болатындай жауап қайтарды.
Сонымен қатар, елбасымыздың біз білмеген қырларымен таныстық.
Кездесу "Елбасы сыныптастары"
Құрметті "Сырдария" университетінің оқытушылары мен білім алушылары!
Сіздерді 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай "Елбасы сыныптастары" қоғамдық ұйымының жетекшісі Төлемысова Роза Мәтеқызымен кездесуге шақырамыз.
✅ Спикерлер: Толемысова Роза Мәтеқызы - "Елбасы сыныптастары" қоғамдық ұйымының жетекшісі
✅ Рысмаханов Құрманбек Әмірханұлы - "Қоғамдық келісім" КММ-ің Жетісай аудандық филиалының басшысы
✅ Уалихан Тілеуберді Шоханұлы - "Жастар ресурстық орталығы" КММ-ің басшы орынбасары
Семинар – тренинг “Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу”
Күні: 02 желтоқсан, бейсенбі
Уақыты: 12:30
Ұйымдастырушылар: Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы және "Сырдария" университетінің Жастармен жұмыс атқару бөлімі.
Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, 1- аудитория
Алаш тағылымы
«Сырдария» университетінде 25.11.2021 күні Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде – ұлттық дамудың ұтымды жүйесін нығайту» атты халықаралық форум аясында «Алаш идеясы және Тәуелсіздік: сабақтастығы мен тағылымы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
«ТАЛАНТТАР ФАБРИКАСЫ» АТТЫ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС СУРЕТШІЛЕР МЕН ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ КӨРМЕСІ
«Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде - ұлттық дамудың ұтымды жүйесін нығайту» атты Халықаралық форумның «Таланттар фабрикасы» атты дарынды жастардың республикалық жас суретшілер мен қолөнер шеберлері көрмесі болып өтті. Көрмеге аудан мектептері Б. Момышұлы атындағы мектеп гимназия, Түркістан, Байзақов, №1 «Мырзакент» - мектеп гимназиясы, Ю. Гагарин, С.Ерубаев, И.Жансүгіров атындағы ЖОМ КММ ұстаздары мен оқушылары өз қолөнер бұйымдарын көрмеге койды.