"Тұман" кітабымен танысу
Ж.А.Тәшенев атындағы университеттің "Тілдер және әдебиет" кафедрасының оқытушылары студенттермен бірлесе отырып, облысымыздағы белгілі жазушы Захардин Қыстаубаевтың жаңа туындысы "Тұман" кітабымен танысу басқосуын өткізді. Жазушы бұл кітабының аты неге осылай қойылғаны, ондағы оқиғалар легі жайында тұтас ойының желісін үзбей, әңгімесінің өзегін сақтап, тыңдармандарға тағылым боларлық тұщымды тұжырымдарын жеткізді. Қойылған сұрақтар барысында қазіргі қоғамдағы адамдардың әлі де тұманнан айыға алмай жүргенін жазушы астарлап жеткізді. Басқосу соңында кафедра меңгерушісі ф.ғ.к.
«Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы
«Бастауыш білім және өнер» факультеті, «Өнер және саз» кафедрасының доценті, ҚР мәдениет қайраткері Бөрі Иса Ж.Тәшенев атындағы университетінің кітапхана қорына бірнеше өз кітаптарын сыйға тартты.
Атап айтқанда: Астана-әсем қала, Алтын аймақ мекенім, Жеңіс жолы сияқты көтпеген классикалық туындарды тапсырды.
«Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы
Ж.А.Тәшенев университетінің Ақпараттық білім беру орталығында «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы жалғасуда.
Университет оқытушы-профессор құрамы кітапхананың кітап қорына үлес қосуда белсенділік танытуда. «Тілдер және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі З.Т. Жантасова прозалық кітабын және оқу құралдарын кітапханаға сыйлады.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
2024 жылдың 17 мамырында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар басқармасының басшысы Сәуле Байзахқызы Ботаева кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін Тараз қаласында болды. Ол облыстық «JAMBYL» телеарнасының «Рауан» таңғы бағдарламасына тікелей эфирде сұхбат берді.
Тарих сағаты
Тарих және география кафедрасының аға оқытушысы Турумбетова Г.А. ұйымдастыруымен XX ғасыр басындағы ірі саяси тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, теміржол инженері, тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 145 жыл толуына орай №2 кітапхана бөлімшесі Ж.А.Тәшенов атындағы университетпен бірлесіп «Ғұмырдан да ұзақ жол» атты тарихи сағат ұйымдастырды.
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық шеңберінде 2024 жылдың 13 мамырдан 15 мамырға дейін профессорлық-оқытушылар құрамына және 6В04103- «Экономика», 6В04102- «Қаржы», 6В04101- «Есеп және аудит», 6В04104- «IT-менеджмент» және 7М04104- «Экономика» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен студенттеріне, Өзбекістан Республикасы Наманган инженерлік-технологиялық институтынан «Экономика» және «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының өкілдері Махмудов Тахиржон Олимжонович - э.ғ.д., профессор және Собиров Отабек Олимжонович – э .ғ.
«Кітапханаға кітап сыйла» атты акция апталығы
2024 жылдың 15 мамыр күні «IT, экономика және құқық» факультеті, «Экономика және құқық» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен, Ақпараттық білім беру орталығында «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция - апталығын өткізді.
«Экономика және құқық» кафедрасы бірінші ашылу қадамын бастады.
Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ.
Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы.
Кітап-ақылдың кені.
Кітап -бар білімнің мен ғылымның бастауы.
Ғылыми жобаны дайындау бойынша әдістемелік семинар өтті
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің 2024 жылдың 15 мамырында №5 Оқу-әдістемелік кеңес аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің PhD қауымдастырылған профессоры, Өмірбекова Ақерке Нұрланбекқызы және PhD аға оқытушы Советканова Дамира Маратқызының «Өзін-өзі дамыту - болашақта сұраныс» тақырыбында және оқытушы-профессорлар құрамы мен жас ғалымдар, магистранттардың қатысуымен әдістемелік семинар өтілді.
Спорттағы жетістіктері
Мамыр айының 11-12 күндері аралығында Тәжікстан Республикасының Худжанд қаласында, каратэдодан ересектер арасында Азия ойындары болып өтті. Осы бір спорт додасында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан Республикаларынан жүздеген спортшылар бақ сынасты.
Хабарландыру
Құрметті, оқытушы-профессорлар құрамы!